Тараздағы Құмшағал шағын тұрғын алқабында заманауи жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бұл – жергілікті тұрғындардың көптен күткен қуанышы.
Жаңа нысанның ашулы рәсіміне қатысқан аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтады.
— Елімізде спорт арқылы ұлт саулығын тұрақты дамыту Мемлекет басшысының басты назарында. Бұл бағытта елімізде барлық жағдай жасалуда. Бүгін ашылып отырған дене шынықтыру-сауықтыру кешені соның айқын дәлелі. Бұл спорт кешені жергілікті тұрғындардың игілігіне қызмет етіп, болашақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлердің шығатынына сенімім мол,-деген облыс әкімі жаттықтырушылар мен спортшыларға үлкен үміт артылатынын жеткізді.
Сондай-ақ, өткен жылы өңірімізде спорт саласын дамытуға 14,2 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде ауыл-аймақтарда салынған заманауи спорт нысандары ел игілігіне берілген.
Салтанатты шар барысында Құмшағал алқабының белсендісі, Еңбек ардагері Рахманбек Устаев тұрғындар атынан ризашылығын білдірді.
Ал, дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Ахмет Жұмағұл мұндай кең әрі жайлы спорт кешендерінде жаттығу – балалалар мен жасөспірімдерге беріліп отырған үлкен мүмкіндік екенін жеткізді.
Жалпы, екі қабатты жаңа спорт нысанында балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы құрылған. Мұнда 7 жастан 17 жасқа дейінгі жасөсіпірімдер спорттың 8 түрі (футбол, баскетбол, волейбол, қазақ күресі, самбо, дзюдо, бокс, кикбоксинг) бойынша жаттығатын болады.
Айта кету керек, өткен жылы өңір аумағында 9 спорт кешені пайдалануға берілсе, осы жылдың соңына дейін тағы 13 нысанның құрылысы толықтай аяқталады деп жоспарлануда.
Бүгінгі таңда облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың қатары 492 мыңнан астам адамға немесе облыс тұрғындарының 40,3 пайызынан асып отыр.
Олимпиада чемпионы әрі кәсіпқой бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде отандастарына үндеу жасап, соңғы жылдары ішімдікке тәуелділікпен күресіп жүргенін ашық мойындады. Спортшы қазақстандықтарды өзін айыптамай, қиын сәтте қолдау білдіруге шақырды. Боксшының айтуынша, бұл мәселе Рио Олимпиадасынан кейін басталып, біртіндеп дертке айналған. «Иә, мен оны мойындаймын, Олимпиададан кейін менде ішімдікке деген әуестік, алкоголизмге бейімділік […]]]>
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте спорт саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді өңірде іске асыру мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақыт Бекбосынов баяндады. Басқарма мәліметінше, қазіргі таңда облыс тұрғындарының дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысу деңгейі 42 пайызды құрайды. Өңірде 21 спорт нысанының құрылысы жүріп […]]]>



2026 жылдың 4 шілдесінде Шу ауданында волейболдан Жамбыл облысы ардагерлері арасында облыстық біріншілігінің бесінші туры жалауын желбіретті. Өңірде бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен бұл турнирге барлығы 10 команда қатысты. Тартысқа толы өткен кезекті ойындарда ардагер спортшылар жоғары дайындықтары мен жеңіске деген жігерлігін дәлелдеді. Әр кездесу тартысты әрі қызықты сәттерге толы […]]]>

Жуырда Тараз қаласындағы «Тараз — Арена» спорт кешенінде 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған спартакиададан жарыс өткізілген болатын. Аталмыш сайысқа ауданымыздан аудан әкімі аппаратының басшысы Құдайберген Рысдәулет бастаған команда қатысып бақтарын сынады. Жарысқа қатысушылар спорттың футзал, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жүзу, шахмат, қазақ күресі, киберспорт және баскетбол түрлерінен өзара кіл мықтыны анықтады. Тартысты өткен […]]]>

2026 жылғы 8 маусымда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №67 мекемесінде жазғы спартакиада жоспарына сәйкес сотталғандар арасында үстел теннисінен финалдық жарыстар өткізілді. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін, ептіліктері мен жеңіске деген құлшыныстарын көрсетті. Финалдық кездесулер тартысты өтіп, әрбір ойыншы жоғары нәтиже көрсетуге ұмтылды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі орын иегерлері белгіленді. Үздік нәтиже […]]]>
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өткен U17 санатындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды 08info.kz Қазақстандық боксшылар 17 жасқа дейінгілер арасында 8 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Алтын медальді Нұрасыл Ғалым (50 келіге дейін), Хатшепсут Садвакасова (50 келіге дейін), Эмир Мухит (60 келіге дейін), Аяулым […]]]>
2024 жылдың 12-14 ақпан күндері аралығында Тараз қаласында футзалдан 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Аталған додаға ауданымыздың жас аяқдоп шеберлері де қатысып бақ сынады. Облыстық чемпионатқа қатысқан Сарысу ауданындағы №26 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары өз қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. Жас футболшы Алдабергенов Альтаир чемпионаттың үздік ойыншысы деп танылды. Сарысу […]]]>
Тараздағы Құмшағал шағын тұрғын алқабында заманауи жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бұл – жергілікті тұрғындардың көптен күткен қуанышы. Жаңа нысанның ашулы рәсіміне қатысқан аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтады. — Елімізде спорт арқылы ұлт саулығын тұрақты дамыту Мемлекет басшысының басты назарында. Бұл бағытта елімізде барлық жағдай жасалуда. Бүгін ашылып отырған дене шынықтыру-сауықтыру […]]]>
Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел чемпионаты жалғасуда. Әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталды. Тартысқа толы өткен аламан күрес бәсекесінде түркістандық бұрымдылар нәтижелі өнер көрсетті. Жерлестеріміздің еншісінде 1 күміс, 4 қола медаль бар. Өңір мерейін үстем еткен арулар қатарында 53 келіде бақ сынаған Аяжан Марқашева күміс медальді мойнында жарқыратты. Ал төрт бірдей түркістандық ару қола […]]]>
Турнирдің жартылай финалында Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі) және Гүлсая Ержан (75 келі) жеңіске жетті. Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек нәтижесі: Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) — Клара Кортес Фернандес (Испания) — 4:1 Назым Қызайбай (Қазақстан) — Лаура Фуэртес Фернандес (Испания) — 5:0 Жазира […]]]>