cурет: istockphoto.com Климаттың жылынуы, цифрлық технологиялардың кең таралуы және тәулік бойы жұмыс істеу мәдениеті адамдардың жеткілікті әрі сапалы ұйықтауын қиындатып отыр. Ғалымдар бұл мәселені әр адамның жеке әдеттеріне ғана байланысты қарастырмай, оған әсер ететін әлеуметтік және экономикалық жағдайларды да өзгерту қажет екенін айтады. Бұл туралы Journal of Sleep Research журналында жарияланған зерттеу мақаласында айтылған, деп […]]]>
cурет: istockphoto.com
Климаттың жылынуы, цифрлық технологиялардың кең таралуы және тәулік бойы жұмыс істеу мәдениеті адамдардың жеткілікті әрі сапалы ұйықтауын қиындатып отыр. Ғалымдар бұл мәселені әр адамның жеке әдеттеріне ғана байланысты қарастырмай, оған әсер ететін әлеуметтік және экономикалық жағдайларды да өзгерту қажет екенін айтады. Бұл туралы Journal of Sleep Research журналында жарияланған зерттеу мақаласында айтылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ноттингем Трент университетінің психология және ұйқы мәселелері жөніндегі оқытушысы, зерттеу авторларының бірі Фрэн Пилкингтон-Чейнидің пікірінше, Еуропада ұйқы саулығына бір мезгілде бірнеше фактор кері әсер етіп отыр. Олардың қатарында климаттың өзгеруі, технологиялар, ауысыммен жұмыс істеу, қалалық орта және интернеттегі жалған ақпарат бар.
Ғалымдар мәселені шешу үшін денсаулық сақтау, білім беру, еңбек саясаты, өндіріс және қала құрылысы салаларында үйлесімді шаралар қабылдауға шақырады.
Еуропа – әлемдегі ең жылдам жылып жатқан құрлық. Түнгі температураның көтерілуі ағзаның салқындау қабілетіне әсер етіп, адамның ұйықтап кетуін қиындатуы және түн ішінде жиі оянуына әкелуі мүмкін.
Қалалардағы ауаның ластануы, көлік шуы мен түнгі жасанды жарық та ұйқының сапасын төмендетеді. Бұған климаттың өзгеруіне байланысты алаңдаушылық пен экстремалды ауа райы құбылыстарының психикалық денсаулыққа әсерін қосуға болады.
Алайда мұндай қиындықтар барлық адамға бірдей әсер етпейді. Үйі нашар жылу оқшауланған, салқындату жүйесін орнатуға қаржысы жетпейтін немесе адам көп тұратын тұрғын үйде өмір сүретін адамдарға қолайлы ұйқы жағдайын жасау қиынырақ. Босқындар мен қоныс аударуға мәжбүр болған адамдар да ыстыққа, шуға, жасанды жарыққа және жеке кеңістіктің тапшылығына жиі тап болуы мүмкін.
Ақылды сағаттар мен ұйқыны бақылайтын мобильді қосымшалар адамның ұйқы ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Олар дәрігерлерге де, әсіресе мамандарға қол жеткізу қиын ауылдық жерлерде, науқастардың жағдайын қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.
Дегенмен тұтынушыларға арналған мұндай құрылғылар ұйқы бұзылыстарын өздігінен анықтауға әрдайым жеткілікті дәл емес. Олардың көрсеткіштері кей адамдарда қажетсіз алаңдаушылық туғызуы мүмкін.
Мақалада «ортосомния» деп аталатын құбылыс та қарастырылған. Бұл – мінсіз ұйқы көрсеткіштеріне шамадан тыс әуестеніп, оларды үнемі бақылауға ұмтылу. Әлеуметтік желілердегі «ұйқыны барынша жақсарту» (sleepmaxxing) тренді де қатаң күн тәртібін ұстануға, ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген әдістерді қолдануға және ұйқыны шектен тыс бақылауға итермелеуі мүмкін.
Бұған қоса, блогерлер мен жасанды интеллект құралдары денсаулық туралы жаңсақ кеңестер таратып, ғылыми дәлелдерді коммерциялық жарнамадан ажыратуды қиындатуы ықтимал.
Еуропадағы еңбек нарығы да ұйқыға қысым түсіріп отыр. Мақалада келтірілген бағалауға сәйкес, Еуропадағы қызметкерлердің шамамен 21%-ы ауысыммен жұмыс істейді. Әсіресе түнгі ауысым ағзаның табиғи ұйқы мен сергектік ырғағын бұзуы мүмкін.
Медицина қызметкерлері, көлік саласының мамандары және жұмыс кестесін өздері басқара алмайтын қызметкерлер мұндай қиындықтарға жиі тап болады. Қашықтан жұмыс істеу мен жұмыс уақытынан кейін келетін хабарламалар да еңбек пен демалыстың арасындағы шекараны жояды.
Зерттеушілер қызметкерлерді қорғауды күшейтіп, жұмыс кестесін алдын ала жоспарлауды, шаршауды басқару жүйелерін жетілдіруді және демалыс уақытын сақтауды ұсынады.
Фрэн Пилкингтон-Чейнидің айтуынша, осы факторлардың әсерін азайту үшін үйлестірілген шаралар қабылданбаса, алдағы жылдары мәселе одан әрі күрделенуі мүмкін.
Ғалымдардың негізгі тұжырымы – сапалы ұйқы тек адамның жеке тәртібіне байланысты емес. Оған тұрғын үй жағдайы, климат, еңбек саясаты, технологияларды пайдалану және ақпараттық орта да әсер етеді. Сондықтан ұйқы саулығын қорғау қоғамдық денсаулық пен мемлекеттік саясаттың да маңызды бөлігі болуы керек.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/290864-adamnyn-oz-zauapkersiligi-emes-zaqsy-uiyqtau-bargan-saiyn-qiyndap-barady
]]>
Фото: ҚТФ Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті. Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 13-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдермен кездесті. Матч екі сетке созылып, Елена Рыбакина 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 1 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт […]]]>
Фото: ҚТФ
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті.
Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 13-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдермен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Елена Рыбакина 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Теннисшілер кортта 1 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасап, төрт рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ өзі иеленген алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, қазақстандық теннисші финалға жолдама алды. Шешуші кездесуде ол әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен ойнайды. Фернандес екінші жартылай финалда чехиялық Мария Боузковадан 6:3, 7:5 есебімен басым түсті.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/291046-elena-rybakina-wta-500-turnirinin-finalyna-syqty
]]>Отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Хорватия өкілі Павел Пуклавецпен белдесті.
Бірінші кезең хорватиялық балуанның пайдасына аяқталды. Дегенмен екінші үш минуттықта Алматбек сәтті әдіс жасап, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/291060-almatbek-amanbek-alem-cempionatynyn-sirek-finalyna-syqty
]]>NDTV телеарнасының мәліметінше, ерекше жағдай Одиша штатының Кандхамал округінде тіркелген.
Жергілікті тұрғын жүктілігінің 32-аптасында ауруханаға түскен. Әйел мен оның күйеуі тұңғыш сәбиінің дүниеге келуін күткен.
Алайда босану кезінде дәрігерлер баланың екі басы және бір денесі бар екенін анықтаған. Нәрестенің екі қолы, екі аяғы және біртұтас несеп-жыныс жүйесі бар. Оның жынысы – ұл.
Медицина мамандары мұндай туа біткен даму ерекшелігінің өте сирек кездесетінін және нәрестені жан-жақты тексеру қажет екенін атап өтеді.
Әзірге дәрігерлер баланың ішкі ағзаларының құрылысы мен денсаулығында басқа да ауытқулардың бар-жоғы туралы нақты ақпарат жариялаған жоқ.
Сондықтан нәрестенің жағдайының қаншалықты ауыр екенін бағалау әзірге мүмкін емес.
Қазіргі уақытта сәби дәрігерлердің бақылауында. Оның денсаулығына қатысты қосымша мәліметтер медициналық тексерулерден кейін белгілі болуы мүмкін.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/290607-undistanda-eki-basty-sabi-duniege-keldi
]]>
istockphoto.com Колумбияда заңсыз алтын өндіретін кеніш опырылып, 14 адам қаза тапты, тағы 7 адам жарақат алды. Апат елдің оңтүстік-батысындағы Нариньо провинциясына қарасты Санта-Барбара-де-Искуандэ муниципалитетінің ауылдық аймағында болған, деп хабарлайды turkystan.kz. Провинция губернаторы Луис Альфонсо Эскобар іздестіру-құтқару жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиғадан кейін ол ұлттық билік пен тиісті ведомстволарды заңсыз жұмыс істейтін және шағын кеніштерді заңдастыру […]]]>
istockphoto.com
Колумбияда заңсыз алтын өндіретін кеніш опырылып, 14 адам қаза тапты, тағы 7 адам жарақат алды. Апат елдің оңтүстік-батысындағы Нариньо провинциясына қарасты Санта-Барбара-де-Искуандэ муниципалитетінің ауылдық аймағында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Провинция губернаторы Луис Альфонсо Эскобар іздестіру-құтқару жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиғадан кейін ол ұлттық билік пен тиісті ведомстволарды заңсыз жұмыс істейтін және шағын кеніштерді заңдастыру үдерісін жеделдетуге шақырды. Оның айтуынша, бұл еңбек жағдайларын жақсартып, кеншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл — өңірде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Тамыз айында Нариньо провинциясындағы Поликарпа қаласында шахтада болған апат салдарынан 13 адам қаза тапқан.
Колумбияның ауылдық аймақтарында пайдалы қазбаларды бақылаусыз өндіру кең таралған. Көптеген кен орындарында қажетті қауіпсіздік инфрақұрылымы жоқ. Бұл апаттардың болу және адам шығынының арту қаупін күшейтеді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/290756-kolumbiiada-altyn-ondiretin-kenis-opyrylyp-14-adam-qaza-tapty
]]>
pexels.com АҚШ-та орманда серуендеп жүрген екі жас найзағайдың соққысынан зардап шекті. Есінен танып, тынысы тоқтаған жігітін қалыңдығы жүрек-өкпе реанимациясын жасап, екі мәрте аман алып қалған. Құтқарушылар оқиға орнына 50 минуттан кейін ғана жеткен, деп хабарлайды turkystan.kz. Оқиға АҚШ-тың Висконсин штатындағы Кеттл-Морейн мемлекеттік орманында болған. TMJ4 News басылымының мәліметінше, Ник Бродерик пен оның сүйіктісі Ева Бродерик […]]]>
pexels.com
АҚШ-та орманда серуендеп жүрген екі жас найзағайдың соққысынан зардап шекті. Есінен танып, тынысы тоқтаған жігітін қалыңдығы жүрек-өкпе реанимациясын жасап, екі мәрте аман алып қалған. Құтқарушылар оқиға орнына 50 минуттан кейін ғана жеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға АҚШ-тың Висконсин штатындағы Кеттл-Морейн мемлекеттік орманында болған. TMJ4 News басылымының мәліметінше, Ник Бродерик пен оның сүйіктісі Ева Бродерик шамамен 16 шақырымдық жаяу серуенге шыққан. Екеуі көліктерінен үш шақырымдай алыстаған кезде кенеттен қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнай бастаған.
Жақын маңда паналайтын қауіпсіз орын болмағандықтан, олар жолдарын жалғастыруға мәжбүр болған. Алайда бірнеше минуттан кейін күтпеген жағдай орын алды.
Найзағай олардың жанындағы ағашқа түскен. Соның салдарынан жер арқылы тараған электр тогы екі жасқа да әсер еткен. Ева қатты соққыдан жерге құлап, аяқтарынан күшті электр тогы өткендей сезінген. Есін жиғаннан кейін ол қасындағы сүйіктісінің қимылсыз жатқанын байқаған. Никтің тынысы тоқтап, терісі көгере бастаған.
Қыз бірден 911 нөміріне қоңырау шалып, жедел жәрдем шақырған. Содан кейін жігітіне жүрек-өкпе реанимациясын жасауға кіріскен.
Оқиға орнын табу құтқарушыларға оңай соқпаған. Орман ішіндегі байланыс сапасының нашарлығы мен соқпақ жолдардың көптігі іздеу жұмыстарын қиындатқан. Мамандар екі жасты жаяу іздеуге мәжбүр болып, оларға шамамен 50 минуттан кейін жеткен. Осы уақыт аралығында Еваның өзі де найзағай әсерінен зардап шеккеніне қарамастан, сүйіктісіне көмек көрсетуді тоқтатпаған.
Басылым мәліметінше, қыз жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіп, Никтің тіршілік белгілерін екі мәрте қалпына келтіруге көмектескен. Өрт сөндіру және құтқару қызметі басшысының орынбасары Дэни Шиллер оның әрекетін ерекше ерлік деп бағалаған.
Ник Бродерик ауруханада үш күн ем қабылдаған. Найзағай әсерінен оның сіңірлері зақымданып, есту қабілеті ішінара нашарлаған. Дәрігерлердің көмегінен кейін жағдайы жақсарған жігіт ауруханадан шығарылған. Осыдан кейін Ник өзін ажалдан арашалап қалған сүйіктісі Еваға үйленуге ұсыныс жасаған. Қыз оның ұсынысын қабылдап, екеуі тамыз айында шаңырақ көтерген.
Ал Пальмира қаласының өрт сөндіру департаменті Ева Бродерикті көрсеткен батылдығы мен адам өмірін сақтап қалғаны үшін ресми марапатпен наградтауды жоспарлап отыр.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/290871-naizagai-soqqan-zigitin-eki-ret-olimnen-arasalap-qalgan-qyzga-suiiktisi-uilenuge-usynys-zasady
]]>
istockphoto Жексенбі, 25 қазанда Алматы мен Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер қатты жел тұрып, үсік жүретінін болжады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағы ауқымды антициклонның ықпалында болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен кейбір өңірлерде қолайсыз ауа райы сақталады. Алматы қаласында түнде ауа температурасы -2…-4 градусқа дейін төмендейді. […]]]>
istockphoto
Жексенбі, 25 қазанда Алматы мен Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер қатты жел тұрып, үсік жүретінін болжады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағы ауқымды антициклонның ықпалында болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Дегенмен кейбір өңірлерде қолайсыз ауа райы сақталады.
Алматы қаласында түнде ауа температурасы -2…-4 градусқа дейін төмендейді. Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында желдің екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.
Алматы облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында желдің екпіні 17-22 м/с болады. Түнде облыс аумағында -1…-6 градусқа дейін үсік жүреді. Қонаев қаласында күндіз желдің екпіні 18 м/с-ке дейін күшейіп, түнде ауа температурасы -2…-4 градусқа дейін төмендейді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Өңірдің батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстікте желдің екпіні 15 м/с-ке жетеді. Облыстың батысы мен орталығында, сондай-ақ Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, соның ішінде Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өңірде жоғары өрт қаупі, ал орталық бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау қаласын қоса алғанда, облыстың барлық аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өскемен қаласында да осындай ауа райы болжанып отыр.
Абай облысының орталық бөлігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Түнде облыс бойынша -3…-8 градусқа дейін үсік жүреді. Тараз қаласында ауа температурасы -5…-7 градусқа дейін төмендейді. Өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде, соның ішінде Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с, шығысында 23-28 м/с-ке жетеді. Түнде солтүстік және орталық аудандарда -3 градусқа дейін үсік жүреді. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 20 м/с-ке жетеді. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Шығысында және таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл маңында кей уақытта 23-28 м/с-ке жетеді. Түнде -5…-10 градусқа дейін үсік жүреді. Талдықорған қаласында ауа температурасы -8…-10 градусқа дейін төмендейді. Облыстың шығысында төтенше, ал оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қазақстан аумағы ауқымды антициклонның ықпалында болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, – делінген синоптиктердің болжамында.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/291051-aiaz-zanbyr-dauyl-qazgidromet-aua-raiyna-bailanysty-manyzdy-eskertu-zasady
]]>
Видеодан скриншот Алматы облысында жеңіл көлік дүкеннің қабырғасын бұзып, сауда залына кіріп кеткен. Оқиғаға қатысты жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы turkystan.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады. Боралдай кентінде болған жол-көлік оқиғасының видеосы Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Кадрлардан көліктің дүкен ішіне кіріп кеткенін, сауда сөрелері мен көліктің зақымданғанын көруге болады. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, […]]]>
Видеодан скриншот
Алматы облысында жеңіл көлік дүкеннің қабырғасын бұзып, сауда залына кіріп кеткен. Оқиғаға қатысты жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы turkystan.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Боралдай кентінде болған жол-көлік оқиғасының видеосы Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Кадрлардан көліктің дүкен ішіне кіріп кеткенін, сауда сөрелері мен көліктің зақымданғанын көруге болады.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, көлікті басқарған бойжеткен апатқа ұстама салдарынан ұшырағанын айтқан.
Оқиғаға байланысты Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
«Факті бойынша полиция қызметкерлері жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеру аясында анықталды», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/291055-almaty-oblysynda-kolik-dukenge-sogylyp-sauda-zalyna-kirip-ketti-zurgizusi-zauapqa-tartyldy
]]>
Фото: Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз бойынша 649 сауданысаны қосылды. Сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар арнайыбағамен ұсынылып, жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды turkystan.kz. Мерекелік ұсыныстар сауда орындарында да, онлайн платформаларда да қолжетімді. […]]]>
Фото: Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз бойынша 649 сауданысаны қосылды. Сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар арнайыбағамен ұсынылып, жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мерекелік ұсыныстар сауда орындарында да, онлайн платформаларда да қолжетімді. Акцияларсауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерін, бөлшек сауда желілерін және қазақстандық маркетплейстерді қамтиды.
Republic Day акциясына 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі қатысуда. Ал Bereke Fest акциясына 417 сауда желісінің дүкені қосылды.
Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін акцияға қатысатын сауда нысандары мен олардың мекенжайлары туралы ақпарат әкімдіктердің ресмиинтернет-ресурстарында жарияланған. Өз өңіріңіздегі дүкендердің тізімімен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады.
1.Абай облысыhttps://www.gov.kz/org/abay/press/news/details/1312766?lang=kk
2. Ақмола облысыhttps://www.gov.kz/org/aqmola/press/news/details/1312769?lang=kk
3. Ақтөбе облысыhttps://www.gov.kz/org/aktobe/press/news/details/1312760?lang=kk
4. Алматы облысыhttps://www.gov.kz/org/almobl/press/news/details/1312753?lang=kk
5. Атырау облысыhttps://www.gov.kz/org/atyrau/documents/details/1084795?lang=kk
6. Батыс Қазақстан облысыhttps://www.gov.kz/org/bko/press/news/details/1312772?lang=kk
7. Жамбыл облысыhttps://www.gov.kz/org/zhambyl/press/news/details/1312755?lang=kk
8. Жетісу облысы https://www.gov.kz/org/zhetysu-oblysy/press/events/details/49369?lang=kk
9. Қарағанды облысыhttps://www.gov.kz/org/karaganda/press/news/details/1312763?lang=kk
10. Қостанай облысыhttps://www.gov.kz/org/kostanay/press/news/details/1312765?lang=kk
11. Қызылорда облысыhttps://www.gov.kz/org/kyzylorda/press/news/details/1312761?lang=kk
12. Маңғыстау облысыhttps://www.gov.kz/org/mangystau/press/news/details/1312773?lang=kk
13. Павлодар облысыhttps://www.gov.kz/org/pavlodar/press/news/details/1312768?lang=kk
14. Солтүстік Қазақстан облысыhttps://www.gov.kz/org/sko/press/news/details/1312764?lang=kk
15. Түркістан облысыhttps://www.gov.kz/org/ontustik/press/news/details/1312767?lang=kk
16. Ұлытау облысыhttps://www.gov.kz/org/ulytau/press/news/details/1312754?lang=kk
17. Шығыс Қазақстан облысыhttps://www.gov.kz/org/akimvko/press/news/details/1312759?lang=kk
18. Астана қаласы https://www.gov.kz/org/astana/press/news/details/1312778?lang=kk
19. Алматы қаласы https://www.gov.kz/org/almaty/press/events/details/49370?lang=ru
20. Шымкент қаласы https://www.gov.kz/org/shymkent/press/news/details/1312770?lang=kk
Еске салайық, Republic Day және Bereke Festакциялары 2026 жылғы 27 қазанды қоса алғанда жалғасады.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/291056-republic-day-zane-bereke-fest-zenildikteri-bar-dukenderdin-tizimi-zariialandy
]]>
Фото: Ақорда Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда. Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады. Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/291058-prezident-memlekettik-tu-koteru-rasimine-qatysty-1]]>
Фото: Ақорда
Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.
Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/291058-prezident-memlekettik-tu-koteru-rasimine-qatysty-1
]]>