Advertise with Googlier.com САЯСАТ — 08info.kz https://08info.kz ақпарат агенттігі Mon, 19 Oct 2026 06:02:05 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=7.0.7 https://08info.kz/wp-content/uploads/2018/06/cropped-favicon-32x32.png САЯСАТ — 08info.kz https://08info.kz 32 32 Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы https://08info.kz/azamattardy-sajlaushylar-tizimderine-engizu-turaly/ https://08info.kz/azamattardy-sajlaushylar-tizimderine-engizu-turaly/#respond Mon, 19 Oct 2026 06:02:05 +0000 https://08info.kz/?p=88073 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды. Сайлаушылар тізімдеріне дауыс беру күніне он сегiз жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және тұрғылықты жері бойынша сайлау округінің тиісті сайлау учаскелері аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі. Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне […]]]>

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды.

Сайлаушылар тізімдеріне дауыс беру күніне он сегiз жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және тұрғылықты жері бойынша сайлау округінің тиісті сайлау учаскелері аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.

Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне жергілікті атқарушы органға берген олардың өтініші негізінде дауыс беру күніне дейін отыз күннен кешіктірмей, яғни  2026 жылғы  29 қазанға  дейін енгізіледі.

Әкімдік азаматты ол дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізуді және оны тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды ұйымдастырады.

Азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіле алады.

2026 жылғы 13 қарашадан бастап сайлаушыларға нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміндегі немесе тиісті әкімдіктің колл-орталығы арқылы өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

]]>
https://08info.kz/azamattardy-sajlaushylar-tizimderine-engizu-turaly/feed/ 0
29 қараша – мәслихаттар депутаттарының сайлауы https://08info.kz/29-arasha-m-slihattar-deputattaryny-sajlauy/ https://08info.kz/29-arasha-m-slihattar-deputattaryny-sajlauy/#respond Mon, 19 Oct 2026 05:54:51 +0000 https://08info.kz/?p=88069 ]]>

]]>
https://08info.kz/29-arasha-m-slihattar-deputattaryny-sajlauy/feed/ 0
Қазақстандықтардың 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды https://08info.kz/kazakstandyktardyn-87-y-eldin-sayasi-bag/ https://08info.kz/kazakstandyktardyn-87-y-eldin-sayasi-bag/#respond Tue, 07 Jul 2026 07:36:23 +0000 https://08info.kz/?p=83427 DATAmetrics компаниясы 2026 жылғы 13 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. «Face-to-face» форматында, яғни бетпе-бет сұхбат түрінде өткен сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 тұрғын қатысты. Қоғамдық көңіл-күйдің негізгі индикаторларының бірі – азаматтардың […]]]>

DATAmetrics компаниясы 2026 жылғы 13 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды.

«Face-to-face» форматында, яғни бетпе-бет сұхбат түрінде өткен сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 тұрғын қатысты.

Қоғамдық көңіл-күйдің негізгі индикаторларының бірі – азаматтардың еліміздің даму бағытына берген жалпы бағасы. Бұл көрсеткіш халықтың мемлекеттік саясатты қабылдау деңгейін көрсетеді.

Зерттеу нәтижелері халық мемлекеттің саяси бағытын жоғары деңгейде қолдайтынын айқындады. Атап айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың 87,8%-ы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп көрсеткен. Азаматтық белсенділіктің маңызды индикаторы – халықтың сайлауда дауыс беруге деген ынтасы.

Сауалнама жүргізілген кезде Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауы өтетін күн әлі жарияланған жоқ еді. Сондықтан респонденттерге: «Егер алдағы жексенбіде Құрылтай (Парламент) сайлауы өтсе, Сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылды.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауында дауыс беруге дайын. Респонденттердің 75,6%-ы сайлау учаскесіне баруға ниетті екенін айтқан. Оның ішінде 44,2%-ы дауыс беретінін нақты атап көрсетсе, 31,4%-ы дауыс беруі ықтимал екенін жеткізген. Партияларға деген көзқарасты анықтау үшін респонденттерге: «Егер жақын арадағы жексенбіде Құрылтай сайлауы өтсе, Сіз қай саяси партияға дауыс берер едіңіз?» деген сұрақ қойылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы ең жоғары қолдауға ие болған. Бұл партияға респонденттердің 54,2%-ы дауыс беруге дайын екенін білдірген.

Екінші орында 7,3% көрсеткішпен «Ауыл» партиясы тұр.

«Ақ жол» партиясы 4,6% көрсеткішпен үшінші орынға шыққан. «Respublica» партиясын қолдау деңгейі 3,4%-ды құраған. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға сауалнамаға қатысушылардың 2,4%-ы дауыс беруге дайын. Қазақстан Халық партиясын респонденттердің 2,1%-ы қолдаған. «Байтақ» партиясын сауалнамаға қатысушылардың 1,1%-ы таңдаған. «Барлығына қарсымын» нұсқасын респонденттердің 2,3%-ы белгілеген.

Сонымен қатар, сайлауалды үгіт-насихат барысында саяси партиялар үшін тартыс нысанасы жеткілікті екені анықталды – сайлаушылардың едәуір бөлігі өз таңдауын әлі жасаған жоқ. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 22,6%-ы, яғни шамамен әрбір бесінші сайлаушы қай партияға дауыс беретіні жөнінде шешім қабылдамаған.

Жалпы, зерттеу нәтижелері қоғамда елдің саяси бағытын қолдау деңгейі жоғары екенін және азаматтардың сайлау процесіне қатысуға дайын екенін көрсетті.

Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды.

DATAmetrics компаниясы бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 шілдедегі № ОСК-11-07/ЗТ-К-29 хабарламасы негізінде жариялап отыр.

]]>
https://08info.kz/kazakstandyktardyn-87-y-eldin-sayasi-bag/feed/ 0
Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды https://08info.kz/adami-kapitaldy-damytu-memlekettin-s/ https://08info.kz/adami-kapitaldy-damytu-memlekettin-s/#respond Wed, 01 Jul 2026 12:24:53 +0000 https://08info.kz/?p=83190 Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі ұлттық білім беру жүйесін дамытудың жаңа кезеңін айқындап, алғаш рет білім алушылардың негізгі құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құқықтық деңгейінде бекітті. Жаңа Ата Заң өскелең ұрпаққа қамқорлық жасауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындап, оны тікелей әрі мызғымас конституциялық кепілдіктермен бекітеді. Конституцияның Кіріспесінде адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым және […]]]>

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі ұлттық білім беру жүйесін дамытудың жаңа кезеңін айқындап, алғаш рет білім алушылардың негізгі құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құқықтық деңгейінде бекітті.
Жаңа Ата Заң өскелең ұрпаққа қамқорлық жасауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындап, оны тікелей әрі мызғымас конституциялық кепілдіктермен бекітеді. Конституцияның Кіріспесінде адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым және инновациялар елдің стратегиялық басым бағыттары ретінде белгіленген.
Сонымен қатар Конституцияның 33-бабына сәйкес азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында орта білімді тегін алу құқығына кепілдік беріледі.
Конституциядағы маңызды жаңашылдықтардың бірі білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған баптың 4-тармағына сәйкес мемлекет білім беру ұйымдарының меншік нысанына қарамастан, олардың қызметіне қойылатын жалпыға міндетті білім беру стандарттарын белгілейді. Бұл мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарында оқитын барлық балалар үшін тұрғылықты жеріне немесе отбасының әлеуметтік жағдайына қарамастан сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа конституциялық нормалардың өскелең ұрпаққа түсінікті әрі қолжетімді болуы мақсатында Оқу-ағарту министрлігі құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кешенді шараларды іске асыруда. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына жаңа міндетті пәндер енгізіледі. 5–7-сынып оқушылары «Конституция негіздері» пәнін оқиды, ал 8–11-сыныптар үшін «Заң мен тәртіп» курсы енгізіледі. Сонымен қатар «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны жаңартылып, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Конституция әлеміне саяхат» атты иллюстрациялық оқу құралы әзірленді.
Жаңа мемлекеттік құндылықтарды тәжірибе жүзінде дәріптеу жұмыстары басталып кетті. Атап айтқанда 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Аталған ауқымды іс-шараға бір мезетте 3,9 миллионнан астам қазақстандық мектеп оқушысы қатысты.
Қабылданып жатқан шаралар балаларға құқықтық білім берумен ғана шектелмей, олардың заңға деген құрметін қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған. Жаңартылған білім беру бағдарламалары «Заң мен Тәртіп» қағидатын басшылыққа алатын, Әділетті Қазақстан құндылықтарын қолдайтын, ғылым мен білімнің елдің табысты болашағы үшін маңызын терең түсінетін заңға бағынатын, жауапты әрі отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеуге негіз болады.

]]>
https://08info.kz/adami-kapitaldy-damytu-memlekettin-s/feed/ 0
Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары келіп түсті https://08info.kz/kasym-zhomart-tokaevtyn-tugan-kүnine-o/ https://08info.kz/kasym-zhomart-tokaevtyn-tugan-kүnine-o/#respond Sun, 17 May 2026 11:39:43 +0000 https://08info.kz/?p=81219 Фото: Ақорда https://turkystan.kz/article/281537-qasym-zomart-toqaevtyn-tugan-kunine-orai-quttyqtau-xattary-kelip-tusti Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне шет мемлекеттер және үкіметтер басшыларынан, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр. Мемлекет басшысының атына Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам […]]]>

Фото: Ақорда

https://turkystan.kz/article/281537-qasym-zomart-toqaevtyn-tugan-kunine-orai-quttyqtau-xattary-kelip-tusti
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне шет мемлекеттер және үкіметтер басшыларынан, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр.

Мемлекет басшысының атына Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Сербия Президенті Александр Вучич, Молдова Президенті Майя Санду, Словакия Президенті Петер Пеллегрини, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Корея Республикасының Президенті Ли Чже Мёң, Мьянма Президенті Мин Аун Хлайн, Палестина Президенті Махмұд Аббас, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және тағы да басқа ресми тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері Президентке жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Құттықтау хаттары әлі де келіп түсуде.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/281537-qasym-zomart-toqaevtyn-tugan-kunine-orai-quttyqtau-xattary-kelip-tusti

]]>
https://08info.kz/kasym-zhomart-tokaevtyn-tugan-kүnine-o/feed/ 0
ЖАС САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ https://08info.kz/zhas-saylaushylarmen-kezdesti/ https://08info.kz/zhas-saylaushylarmen-kezdesti/#respond Fri, 02 Feb 2024 17:03:24 +0000 https://08info.kz/?p=51359 Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Бұл 2005 жылы Венгрияда өткен Европадағы сайлау ұйымдарының конференциясында бекітілген. Сайлау –азаматтық қоғамы бар демократиялық, құқықтық мемлекеттің ажырамас негізінің бірі. Сайлау – мемлекеттің демократиялық құндылықтар жолымен дамуының бастауы. Сайлау тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты. Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекетімізде сайлау жүйесі қалыптасып, даму кезеңдерін бастан […]]]>
Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Бұл 2005 жылы Венгрияда өткен Европадағы сайлау ұйымдарының конференциясында бекітілген.
Сайлау –азаматтық қоғамы бар демократиялық, құқықтық мемлекеттің ажырамас негізінің бірі. Сайлау – мемлекеттің демократиялық құндылықтар жолымен дамуының бастауы.
Сайлау тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты. Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекетімізде сайлау жүйесі қалыптасып, даму кезеңдерін бастан өткеріп келеді.
Сондықтан еліміз үшін сайлау күні үлкен мәнге ие.
Бұл күндері сайлау саласында жаһандық демократияны қолдауға, сайлау туралы білімді арттыруға және сайлаушылардың сайлауға қатысуға жалпыға бірдей құқығы мен бостандықтарын құрметтеумен қатар, сайлау үдерістерін жетілдіру мәселелері сарапталып, алда тұрған міндеттер талқыланады.
Бүгін аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңатас көпсалалы колледжінде «Жаңа Қазақстанның жас сайлаушылары» тақырыбында аудан жастарымен кездесу өтті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулетберді Шортанбаев, жас депутат Бауыржан Балғабай, сайлау комиссиясының мүшелері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен жастар қатысты.
Шараны ашып, жүргізген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулетберді Шортанбаев дүниежүзілік сайлау күніне орай, сайлаушылардың салмағын құрайтын қоғамның негізгі бөлігі жастардың сайлау науқандары кезінде белсенділік таныту қажеттілігін айтып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, жиында аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков сайлау күні мерекесіне орай, құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді. Бұдан соң аудандық мәслихаттың депутаты Бауыржан Балғабай «Жастар және сайлау» тақырыбында сөз сөйлеп, алдағы сайлау науқандарына жастарды белсене ат салысуға шақырып, үндеу тастады. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ләззат Ерсейітова «Сайлау жүйесі» тақырыбында хабарлама жасап, қатысушыларды сайлау ережелерімен таныстырды.
Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, өз кезегінде жастар сайлауға байланысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
]]>
https://08info.kz/zhas-saylaushylarmen-kezdesti/feed/ 0
ЖАС ДЕПУТАТТАР АНЫҚТАЛДЫ https://08info.kz/zhas-deputattar-anyktaldy/ https://08info.kz/zhas-deputattar-anyktaldy/#respond Wed, 27 Dec 2023 17:54:30 +0000 https://08info.kz/?p=49846 “Жастар мәслихаты” IV шақырылымына сайлау өткізілді. Сайлауға Тараз қаласында орналасқан арнаулы орта оқу орындарының студенттері дауыс беруге қатысты. Барлық дауыс берілген бюллетень саны 3038. Сайлауды “Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі мен «Тараз жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесе өткізді. “Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігінің мақсаты Жастардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, облыстық, қалалық, […]]]>

“Жастар мәслихаты” IV шақырылымына сайлау өткізілді. Сайлауға Тараз қаласында орналасқан арнаулы орта оқу орындарының студенттері дауыс беруге қатысты. Барлық дауыс берілген бюллетень саны 3038.

Сайлауды “Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі мен «Тараз жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесе өткізді.

“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігінің мақсаты Жастардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, облыстық, қалалық, аудандармен, ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста жастaрдың мүддесін білдіретін, облыстағы жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған жұмыстарды атқару.

Бірлестік міндеттері:

1) жастардың мүдделері мен құқықтарын білдіру және қорғау;

2) жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;

3) жастардың бойында құқықтық және саяси мәдениетті қалыптастыру;

4) жастардың қоғамдық белсенділігін дамытуға жәрдемдесу, жас

азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатыстыру.

 

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білім кәсіби гуманитарлық техникалық колледжі:

Сейдалықызы Мөлдір 87%

Улько Никита Юрьевич 13%

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

Абди Бақдәулет Бахытұлы 35%

Абдрасил Алимжан Ғалымжанұлы 3%

Крылова Алина Сергеевна 40%

Сайлау Ақарыс Ілиясұлы 22%

«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі

Айту Расул Жандарбекұлы 94%

Алуа Нұржанқызы 6%

Қазіргі заман гуманитарлық техникалық колледжі

Салханова Самира Маруфжанқызы 27%

Фуников Александр Александрович 61%

Шукуралиева Ширина 12%

Жамбыл жоғары медициналық колледжі

Бақытхан Ырыскелді Айболұлы 15%

Нукежан Мәди Дәулетұлы 13%

Сайлау Даниал Алшанбайұлы 4%

Смаил Бахтияр Бауыржанұлы 62%

Абдумуталип Азамат Болатұлы 8%

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі

Қанатқызы Жанерке 45%

Қуатбекқызы Дана 26%

Мухтар Аружан Есимжанқызы 29%

Тараз мамандандырылған колледжі

Жұмабай Бауыржан Қанатұлы 62%

Капустин Иван Николаевич 38%

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі

Гарифуллаева Алина Рахатқызы 50%

Ердеев Данил Александрович 9%

Киікбай Дәулетжан Бақытжанұлы 26%

Полеичук Данил Станиславович 15%

Тараз инновациялық көпсалалы колледжі

Байдаулетова Меруерт 20%

Абдекеева Айғаным Бериковна 45%

Өсер Едіге Өсерұлы 35%

«ALEM» кәсіби білім беру колледжі

Абдуаит Мұхаммед Сейілбекұлы 35%

Аяжан Асемай Бақытқызы 28%

Төрехан Жеңісхан Серикұлы 37%

Тараз «Парасат» колледжі

Ғалымжанқызы Даяна 2%

Ермұрат Динара Мұхитқызы 3%

Фархат Жандос 13%

Амангелді Жансерік Аманханұлы 82%

Тараз сервис және техология колледжі

Балпыков Дамир Рахатович 54%

Ким Аяна Радионовна 12%

Қыдырбек Ерасыл Дәуренұлы 12%

Мұстафа Расул Рахимжанұлы 22%

Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі

Бекарыс Ибраимов Муратович 11%

Мөлдір Тойбала Мұратқызы 9%

Саржанов Олжас Динасилович 24%

Умурзаков Дильшот Шакирович 41%

Ұлжан Құлтай Қуатқызы 14%

 

ДАУЫС БЕРУДІҢ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРДЫҢ ШЕШІМІНЕ ТӨМЕНДЕГІЛЕР «ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫ» ЖАС ДЕПУТАТТАР КОРПУСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛСЫН

Білім кәсіби гуманитарлық техникалық колледжі

Сейдалықызы Мөлдір

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

Крылова Алина Сергеевна

«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі

Айту Расул Жандарбекұлы

Қазіргі заман гуманитарлық техникалық колледжі

Фуников Александр Александрович

Жамбыл жоғары медициналық колледжі

Смаил Бахтияр Бауыржанұлы

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі

Қанатқызы Жанерке

Тараз мамандандырылған колледжі

Жұмабай Бауыржан Қанатұлы

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі

Гарифуллаева Алина Рахатқызы

Тараз инновациялық көпсалалы колледжі

Абдекеева Айғаным Бериковна

«ALEM» кәсіби білім беру колледжі

Аяжан Асемай Бақытқызы

Тараз «Парасат» колледжі

Амангелді Жансерік Аманханұлы

Тараз сервис және техология колледжі

Балпыков Дамир Рахатович

Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі

Умурзаков Дильшот Шакирович

 

ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРДЫҢ ШЕШІМІНЕ ТӨМЕНДЕГІЛЕР «ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫ» ЖАС ДЕПУТАТТАР КОРПУСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛСЫН

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

Абди Бақдәулет Бахытұлы

Қазіргі заман гуманитарлық техникалық колледжі

Салханова Самира Маруфжанқызы

Жамбыл жоғары медициналық колледжі

Бақытхан Ырыскелді Айболұлы

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі

Мухтар Аружан Есимжанқызы

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі

Киікбай Дәулетжан Бақытжанұлы

«ALEM» кәсіби білім беру колледжі

Абдуаит Мұхаммед Сейілбекұлы

Тараз «Парасат» колледжі

Фархат Жандос

Тараз сервис және техология колледжі

Мұстафа Расул Рахимжанұлы

Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі

Саржанов Олжас Динасилович

TURANINFO.KZ

]]>
https://08info.kz/zhas-deputattar-anyktaldy/feed/ 0
Важно добиться прорыва в АПК https://08info.kz/vazhno-dobitsya-proryva-v-apk/ https://08info.kz/vazhno-dobitsya-proryva-v-apk/#respond Tue, 10 Oct 2023 04:08:52 +0000 https://08info.kz/?p=46943 Глава государства в Послании народу подчеркнул, что важно решить и проблему избыточного ценового регулирования, которая серьезно тормозит развитие АПК. Важно решить и проблему избыточного ценового регулирования, которая серьезно тормозит развитие АПК. В этой связи в городе Тараз на регулярной основе проводятся ярмарки сельскохозяйственной продукции. Последняя из них прошла в честь дня города на центральной площади […]]]>

Глава государства в Послании народу подчеркнул, что важно решить и проблему избыточного ценового регулирования, которая серьезно тормозит развитие АПК. Важно решить и проблему избыточного ценового регулирования, которая серьезно тормозит развитие АПК. В этой связи в городе Тараз на регулярной основе проводятся ярмарки сельскохозяйственной продукции.
Последняя из них прошла в честь дня города на центральной площади «Достык». Населению было предложено сельхозпродукция товаропроизводителей города Тараза и 10-и районов области в количестве 173,7 тонн на сумму 112,3 млн. тенге. А именно 18,2 тонн мяса (конина, говядина, баранина и мясо кур), 3,5 тонн колбасных изделий, 6,4 тонн молочной продукции, 6,0 тысяч штук яиц, 0,5 тонн кондитерских изделий и 4,0 тонн макаронных изделий, 0,4 тонн соли, 4,6 тонн разных видов рыбы, 6,0 тонн муки, 2,6 тонн мёда, а также 127,5 тонн плодоовощной продукции.
В целях повышения доступности сельскохозяйственной продукции на ярмарке все продовольственные товары будут представлены по ценам на 10-15% ниже рыночных.

]]>
https://08info.kz/vazhno-dobitsya-proryva-v-apk/feed/ 0
Көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану маңызды https://08info.kz/kolik-logistika-salasynyn-aleuetin-t/ https://08info.kz/kolik-logistika-salasynyn-aleuetin-t/#respond Mon, 09 Oct 2023 03:50:23 +0000 https://08info.kz/?p=46939 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қызкүйектегі Жолдауында еліміздегі көлік қатынасын қалыпқа келтіру мәселесіне кеңінен тоқталған еді. Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқанын айқан Мемлекет басшысы бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отырғанына да баса мән берген болатын. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс екенін айтып, осыған […]]]>

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қызкүйектегі Жолдауында еліміздегі көлік қатынасын қалыпқа келтіру мәселесіне кеңінен тоқталған еді. Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқанын айқан Мемлекет басшысы бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отырғанына да баса мән берген болатын. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс екенін айтып, осыған орай бірқатар маңызды мәселені шұғыл шешу керектігін де жеткізген.

Бұл тұрғыдан келгенде Тараз қаласында айтарлықтай жұмыстар жүріп жатыр. Мәселен, жуық арада құрылысы басталатын көлік өткелі тек қалаішіліқ қатынасты ғана реттеп қоймай, көршілес Қырғыз еліне қатынайтын автомобильдердің де жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасамақ.

Қаланың Бас жоспарына сәйкес, келер жылы шаһар аумағына Байзақ пен Жамбыл аудандарынан 14 елді мекен мен екі саяжай қосылып, тұрғындардың саны 570 мыңнан асып жығылады деп жоспарлануда. Осының әсерінен шаһарда көлік қозғалысы көбейері сөзсіз. Сондықтан ел аузында «За линией» аталып кеткен аумақ пен орталықты байланыстыратын жол өткелі салынбақ. Осыған орай Абай даңғылы бойында екі жол өткелін салуға жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қарастырылып, конкурс нәтижесі бойынша жобалаушы мекеме «ДЭН-Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда жобалаушы мекемемен жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде. Құжаттар толығымен әзірленгеннен кейін мемлекеттік сараптамаға ұсынылады.

Абай көшесінің аяғындағы көпір құрылысын жүргізу үшін барлығы 68 нысанды мемлекет меншігіне қайтару қажет. Оның 43-і жеке тұрғын үй, 25-і бизнес нысаны. Егер жоспар ойдағыдай жүзеге асса, көпір құрылысы 2024 жылдың екінші жартыжылдығында басталады деп жоспарлануда. Жалпы салынатын көпірдің ұзындығы бір шақырымға жақын, ені 17 метр болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы Заңының 62-1 бабының 3 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алуға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құны өтеледі. Алайда бұл бағаны әкімдік емес, арнайы конкурстың нәтижесінде жеңімпаз болып танылған компания белгілейді. Егер сіздер белгіленген бағамен келіспейтін болсаңыздар, сотқа жүгінуге толықтай хақыларыңыз бар. Осы орайда біз үшін әрбір тұрғынның ой-пікірі маңызды екенін баса айтқым келеді. Сондықтан да сіздермен бүгін бас қосып отырмыз. Қазір тұрғын үйлердің, бизнес нысандарының иелерімен жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

]]>
https://08info.kz/kolik-logistika-salasynyn-aleuetin-t/feed/ 0
Қуат үнемдеу – уақыт талабы https://08info.kz/kuat-үnemdeu-uakyt-talaby/ https://08info.kz/kuat-үnemdeu-uakyt-talaby/#respond Fri, 06 Oct 2023 03:27:22 +0000 https://08info.kz/?p=46934 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында энергетикалық ахуал мәселессіне кеңінен тоқталған болатын. «Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды», – деген Президент энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі […]]]>

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында энергетикалық ахуал мәселессіне кеңінен тоқталған болатын. «Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды», – деген Президент энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауды тапсырған еді.

Бұл ретте Тараз қаласында жұмсалатын қуатты үнемдеу мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, шаһардағы 5 жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорынның барлығы 2023-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітіп, сол бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Ал «Таразтрансэнерго» МКК бойынша жалпы 131,944 мың,  «Жамбыл Жылу» МКК бойынша жалпы 176,4 мың, «Таразэнергоорталық» АҚ бойынша 243,98 мың, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ бойынша жалпы 6 100,0 миллион, «София» ЖШС бойынша жалпы 1,897 мың теңге қаражат қарастырған. Көрсетілген сомаларға кәсіпорындар қазандықтарға қосалқы бөлшектер сатып алу-орнату, қазандар сатып алу- орнату, сорғылар сатып алу-орнату, қазандық ғимараттарына ағымды жөндеу, жылу желілеріне күрделі жөндеу, энергоблоктарға күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Кәсіпорын қазандықтарында негізгі пайдаланылатын отын түрі – табиғи газ. Осыған орай, барлық кәсіпорындар газ жеткізу бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ-мен келісім-шартқа отырған. Сонымен қатар қазіргі таңда «Жамбыл-Жылу» МКК-да резервтік 342 тонна көмір, 390 тонна мазут, «Таразэнергоорталық» АҚ-да 1865,6 тонна мазут, «Таразтрансэнерго» МКК-да 10 тонна көмір, «София» ЖШС-де 10 тонна көмір, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-да 11 993 тонна мазут қоры бар. Сондай-ақ Тараз қаласының коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша атқарылатын жұмыстардың 2023-2025 жылдарға арналған 3 жылдық жол картасы әзірленіп, сол бойынша 2 магистралдық және 9 ішкікварталдық жылу желілеріне қайта жаңғырту жоспарлануда.

Шаһардағы қазіргі күні 1 316 көппәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын. Сондай-ақ 28 көппәтерлі тұрғын үйдің жылумен жабдықтау жүйесінде ақаулар анықталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Айталық, аталған 28 үйдің 16-ы қысқы кезеңге толығымен дайын болса, 12 үйдің белсенді тұрғындарымен бірлесе отырып қаражат жинау және демеушілерді тарту бойынша тиісті жұмыстар қолға алынған. Сонымен жертөлесіндегі құбырларының тозығы жеткен 4 көппәтерлі тұрғын үй анықталған. Бұл үйлердің иелерінің өз күшімен құбырлар мен қосалқы бөлшектерді ауыстыруға мүмкіндіктері келмегендіктен демеушілер қарастырылуда.

Ғабит Алтаев,
Тараз қаласы әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық,
жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы 

]]>
https://08info.kz/kuat-үnemdeu-uakyt-talaby/feed/ 0