Адал ниет, ізгі тілек білдірудегі ұлттық дәстүріміздің бірі – бата беру кәдесі. Бата – халқымызға амандық, ырыс – ынтымақ, бірлік, құт – береке, жақсылықтарды тілеп қана қоймай, қуаныш сәтінде ақ ниетін, алыс сапарға шығарда ақ жолын айтып, қысылғанда – қуат, қиналғанда – медет болатын рухани қазына болып табылады. Мәселен, Бәйдібек бабаның батасына зер салсақ: “Ақылды, […]
«Әжемнің ертегісі» жобасы аясында Тараз қаласы ардагерлер кеңесінің жанындағы Аналар алқасының мүшесі Пірәлиева Нұржамал Тілеуқұлқызы қаладағы «Ер Төстік» балабақшасына барып, балақайларға ертегілер мен аңыз-әңгімелер айтып берді. Нұржамал әжей «Алма», «Бауырсақ» тақырыбындағы және жан-жануарлар турасындағы ертегі айтты. Балалар бар ықыласымен тыңдады. Әжей балақайларға өзі ала келген бауырсақ пен алмасын үлестіріп берді. Балабақша әкімшілігі алғыстарын білдірді. Анаға […]
Біз шаншар (салт). Кең байтақ Қазақстан даласында салт-дәстүрлердің қызықты түрлері көп. Бірақ олар бір-бірінен онша алшақ емес. Соның бірі «біз шаншар». Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында «жаушы» орнына осы «біз шаншар» салты қолданылады. Ақсақал – қарасақал аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, […]
24 желтоқсан күні Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик, жерлесіміз Бауыржан Момышұлының туғанына – 112 жыл толады. ⚜️Бауыржан Момышұлы – тарихта, әскери педагогикада артына мол мұра қалдырған батыр. Осы кісінің өмірі бәрімізге үлгі болуы керек. Батыр Бауыржан Момышұлы өшпес ерлігімен, азаматтық дара қалпымен, ұлтжандылығымен, намыстылығымен халқымыздың орынды […]
RSS Parse Error: CData section not finished