ДЕНСАУЛЫҚ — 08info.kz
ақпарат агенттігі
Sun, 23 Aug 2026 06:41:08 +0000
ru-RU
hourly
1
/wp-content/uploads/2018/06/cropped-favicon-32x32.png
ДЕНСАУЛЫҚ — 08info.kz
32
32
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
/almatyda-7-zhastagy-balany-saryshayan-shag/
/almatyda-7-zhastagy-balany-saryshayan-shag/#respond
Sun, 16 Aug 2026 10:55:21 +0000
Алматыда мектеп оқушысын сарышаян шағып алған. Анасы оны ауруханаға апарғанда балаға салынатын вакцина жоқ екенін білген. Threads қолданушысы 11 тамыз күні баласының бас бармағын сарышаян шағып, баласын ауруханаға апарған. Ол жақта балаға ешқандай зақым келмегенін айтқан. Кейін жеткіншектің қызуы көтеріліп, қайта түскен. Келесі күні бала аяққа тұрып, шауып кеткен. Бірақ ананың көңілі әлі де жай таппады. Желіде ол […]]]>
Алматыда мектеп оқушысын сарышаян шағып алған. Анасы оны ауруханаға апарғанда балаға салынатын вакцина жоқ екенін білген.
Threads қолданушысы 11 тамыз күні баласының бас бармағын сарышаян шағып, баласын ауруханаға апарған. Ол жақта балаға ешқандай зақым келмегенін айтқан. Кейін жеткіншектің қызуы көтеріліп, қайта түскен. Келесі күні бала аяққа тұрып, шауып кеткен. Бірақ ананың көңілі әлі де жай таппады. Желіде ол қолданушылардан әрі қарай бірдеңе істеу керек немесе жалпы Қазақстанда сарышаянның уына қарсы дәрі-дәрмек пен екпелердің түрі бар ма деп сұраған.
«Бізге ауруханада у қайтарғыш дәрі де, арнайы вакцина да жоқ екенін айтты. Ауруханаға жатқызуды ұсынды, яғни іс жүзінде баланы жансақтау бөлімінде бақылауда ұстау керек екен. Ал жағдайы нашарлаған жағдайда ғана белсенді ем жүргізілетінін түсіндірді. Балам ауруханада жалғыз қалудан қатты қорқады. Сондықтан әзірге оны үйде бақылауды жөн көрдік. Кеше саусағы ісіп кеткен еді. Дене қызуы бір рет көтерілді, бірақ шамамен жарты сағаттан кейін өздігінен қайта қалыпқа түсті», – деп жазды алматылық тұрғын.
Stan.kz Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан неліктен жәндіктердің уына қарса ешқандай дәрілер мен екпелердің жоқтығы туралы сұрады. Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының дәрігер-токсикологы Құрметбек Тоқтар шаян шаққан жағдайда қолданылатын арнайы уға қарсы дәрі жоқ екенін мойындады. Алайда шаян шаққанда улану белгілерін жоюға, науқастың жағдайын жеңілдетуге және ықтимал асқынулардың алдын алуға бағытталған симптоматикалық ем жүргізілетінін айтты. Емдеу тактикасын дәрігер науқастың жағдайының ауырлығына және клиникалық белгілеріне қарай жеке анықтайды.
“2026 жылғы 12 тамызда сағат 00:58-де Алматы қаласындағы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының қабылдау бөліміне ата-анасының сүйемелдеуімен 7 жастағы бала жеткізілген. Анасының айтуынша, медициналық көмекке жүгінерден шамамен бір жарым сағат бұрын бала аулада ойнап жүрген кезде оң қолының бірінші саусағынан шаян шаққан. Бала ауруханаға түскен кезде оң қолының бірінші саусағы ауырып, орташа деңгейде ісінгеніне шағымданған. Саусақтың қызаруы, жалпы әлсіздік және дел-салдық байқалған. Дене қызуы — 37,1°C”, – деп жауап берді аурухана.
Баланы реаниматолог дәрігер мен хирург тексерген. Шаян уының әсерін ескере отырып, ем жүргізу және реанимация және қарқынды терапия бөлімінде медициналық бақылауда ұстау үшін ауруханаға жатқызу ұсынылған. Баланың жағдайы шаян уының уытты әсеріне байланысты орташа ауыр деп бағаланған.
“Диагнозы — шаян уының уытты әсері. Алайда баланың заңды өкілдері яғни ата-анасы ұсынылған ауруханаға жатқызудан бас тартып, баланы қолхат арқылы үйіне алып кеткен. Ата-анаға ауруханаға жатудан бас тартудың ықтимал салдары мен асқыну қаупі түсіндірілген. Баланың жағдайы нашарлаған жағдайда медициналық көмекке шұғыл түрде қайта жүгіну ұсынылған. 2026 жылдың жазғы кезеңі басталғалы бері бұл — Алматы қаласындағы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығына шаян шаққан жағдай бойынша алғашқы жүгіну болды”, – деп жауап берді.
Сондай-ақ өз жауабында қалалық балалар шұғыл медициналық көмек орталығы шаян шаққан жағдайда не істеу керек екенін және шаян шаққан балаларға медициналық көмек қалай көрсетілетінін тілге тиек етті. Өз жауабында зардап шеккен адам бала болса, міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет екенін жазған.
Шаян шаққан кезде:
дереу 103 нөміріне жедел жәрдем шақыру керек;
баланы тыныштандырып, зардап шеккен аяқ-қолының қозғалысын шектеу қажет;
баланы өз бетінше емдеуге тырыспау керек;
бұрау (жгут) салуға, шаққан жерді кесуге немесе күйдіруге болмайды;
медициналық мамандар келгенге дейін баланы қараусыз қалдырмау керек.
Әлсіздік күшейсе, қатты ауырсыну немесе ісіну пайда болса, есінен тану, тыныс алудың қиындауы, құрысу немесе басқа да ерекше белгілер байқалса, бұл туралы медициналық қызметкерлерге дереу хабарлау қажет.
“Баланы тексеріп, оның жағдайын бағалағаннан кейін кезекші дәрігер әрі қарайғы емдеу тактикасын анықтайды және науқасты бейінді бөлімге немесе реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызу қажеттігін шешеді. Стационарда емделу ұзақтығы баланың жағдайының ауырлығына және оның динамикасына қарай жеке анықталады. Орта есеппен емдеу 4-тен 7 күнге дейін созылуы мүмкін. Баланың жағдайы тұрақтанғаннан кейін ол үйіне шығарылып, әрі қарай учаскелік дәрігердің бақылауында болады”, – деп жауап берді басқарма.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ата-аналарды шаян шаққан жағдайда өз бетінше емделмеуге және медициналық көмекке жүгінуді кейінге қалдырмауға шақырады. Баланың жағдайы нашарлаған кезде 103 нөмірі арқылы шұғыл медициналық көмекке дереу жүгіну қажет екенін мәлімдеді. Зоология институтының арахнология және басқа да омыртқасыздар зертханасының кіші ғылыми қызметкері Леонид Кимнен сарышаян уы адамға қаншалықты әсер ететін де сұрап білдік.
“Қазақстандағы шаяндардың барлығы Buthidae тұқымдасына жатады. Ең көп таралған түрлері — Mesobuthus thersites және Olivierus longichelus. Олар негізінен елдің оңтүстік бөлігіндегі құрғақ, тасты және құмды жерлерде мекендейді. Алматы маңында M. thersites кездесуі мүмкін, бірақ олар сирек байқалады және көбіне қала шетінде ұшырасады. Қазақстандағы шаяндар адам өміріне қауіпті деп саналмайды. Олардың уы әлсіз. Шаққан кезде өткір әрі күйдіріп ауыртуы, ісіну, дене қызуының көтерілуі, жүрек айну және әлсіздік болуы мүмкін. Әдетте белгілер 1–2 тәулік ішінде басылады. Аллергиясы бар адамдар шаян уын ауыр көтереді”, – деп жауап берді Леонид Ким.
Арахнолог шаян шаққан жағдайда тыныштық сақтап, көп мөлшерде су ішуге және аллергияға қарсы дәрі қолдануға болатынын айтты. Сөзінше, бұрау (жгут) салуға, шаққан жерді кесуге, уды сорып алуға және алкоголь ішуге болмайды. Асқыну байқалса, токсикология бөлімі бар медициналық мекемеге жүгіну қажет екенін және Қазақстандағы шаяндардың уы әлсіз әрі олардың адамды шағу жағдайлары сирек болғандықтан, арнайы уға қарсы дәрі (антидот) әзірлеп, өндіру қажеттілігі жоқ екенін түсіндірді.
Stan.kz
Фото: pexels.com
]]>
/almatyda-7-zhastagy-balany-saryshayan-shag/feed/
0
Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланды
/densaulyk-saktau-salasyndagy-masele/
/densaulyk-saktau-salasyndagy-masele/#respond
Tue, 14 Jul 2026 14:27:40 +0000
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте ауданның денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңнің басым міндеттері айқындалды. Жиында аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы, кадрлық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту және саладағы өзекті мәселелер жан-жақты сөз болды. Бүгінде ауданда 28 денсаулық сақтау нысаны халыққа медициналық қызмет көрсетуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, аудан […]]]>
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте ауданның денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңнің басым міндеттері айқындалды. Жиында аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы, кадрлық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту және саладағы өзекті мәселелер жан-жақты сөз болды.
Бүгінде ауданда 28 денсаулық сақтау нысаны халыққа медициналық қызмет көрсетуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, аудан халқының саны 54 094 адамды құрайды. Аудандық ауруханада 580 медицина қызметкері еңбек етеді. Оның ішінде 79 дәрігер мен 313 орта буын медицина қызметкері бар. Дегенмен, қазіргі уақытта 6 дәрігерге деген қажеттілік туындап отыр. Медициналық ұйымдардың құрал-жабдықпен қамтылу деңгейі 87,5 пайызға жеткен. Соңғы үш жыл ішінде ауданның денсаулық сақтау мекемелері заманауи медициналық құрылғылармен толықтырылды.
Кеңес барысында денсаулық сақтау саласындағы бірқатар өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, кредиторлық берешекті азайту, медицина кадрларымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту, ана мен бала денсаулығын қорғау, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі көтерілген мәселелердің әрқайсысын жан-жақты зерделеп, нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді жауапты сала басшыларына тапсырды.
Жамбыл Ақпарат
]]>
/densaulyk-saktau-salasyndagy-masele/feed/
0
Жамбыл облысында ерекше балаларға арналған стоматологиялық кабинет табысты жұмыс істеуде
/zhambyl-oblysynda-erekshe-balalarga-ar/
/zhambyl-oblysynda-erekshe-balalarga-ar/#respond
Wed, 24 Jun 2026 07:28:41 +0000
Жамбыл облысында ерекше қажеттілігі бар балалардың сапалы стоматологиялық көмек алуына барлық жағдай жасалған. Осы мақсатта Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы базасында ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет жұмыс істейді. Мұнда тәжірибелі балалар стоматологтары сал ауруы, аутизм спектрінің бұзылысы, сөйлеу дамуының кешеуілдеуі (ЗРР) және басқа да диагноздары бар 18 жасқа дейінгі балаларға сапалы әрі қауіпсіз стоматологиялық […]]]>
Жамбыл облысында ерекше қажеттілігі бар балалардың сапалы стоматологиялық көмек алуына барлық жағдай жасалған. Осы мақсатта Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы базасында ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет жұмыс істейді.
Мұнда тәжірибелі балалар стоматологтары сал ауруы, аутизм спектрінің бұзылысы, сөйлеу дамуының кешеуілдеуі (ЗРР) және басқа да диагноздары бар 18 жасқа дейінгі балаларға сапалы әрі қауіпсіз стоматологиялық көмек көрсетеді. Емдеу барысында әр баланың психоэмоциялық және физикалық ерекшеліктері ескеріліп, жеке тәсіл қолданылады.
Тараз қаласының тұрғыны Диас Ахметұлы ұлының тісін осы кабинетте тұрақты түрде емдететінін айтады. Оның айтуынша, дәрігерлер әр балаға ерекше ықыласпен қарап, кәсіби деңгейде қызмет көрсетеді. Осы үшін ол медицина қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.
Айта кетейік, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі барлық балалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылған. Олар үшін сақтандыру жарналарын мемлекет төлейді. Соның арқасында балалар стоматологиялық қызметтерді МӘМС аясында тегін ала алады.
Ерекше балаларға сапалы әрі қолжетімді стоматологиялық көмектің көрсетілуі – олардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, ата-аналардың да сенімін арттыратын маңызды әлеуметтік қолдау.
]]>
/zhambyl-oblysynda-erekshe-balalarga-ar/feed/
0
Жамбылда дәрігерлердің қателігінен әйел баласынан айырылып, мүгедек атанды
/zhambylda-darigerlerdin-kateliginen/
/zhambylda-darigerlerdin-kateliginen/#respond
Mon, 15 Jun 2026 13:11:01 +0000
Жамбыл облысындағы дәрігерлердің немқұрайлығы аяғы ауыр әйелдің өмірін тас-талқан етті. Ақ халаттылардың қателігінен іштегі шақалағынан айырылып, өмір бойына мүгедек болып қалған ана аудандық ауруханадан миллиондаған теңге өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Politico.kz Талас аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға Талас ауданында болған. Жүктіліктің 10-шы аптасында «ерте токсикоз» мазалаған келіншек аудандық ауруханаға емделуге жатады. Алайда, жағдайының […]]]>
Жамбыл облысындағы дәрігерлердің немқұрайлығы аяғы ауыр әйелдің өмірін тас-талқан етті. Ақ халаттылардың қателігінен іштегі шақалағынан айырылып, өмір бойына мүгедек болып қалған ана аудандық ауруханадан миллиондаған теңге өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Politico.kz Талас аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Талас ауданында болған. Жүктіліктің 10-шы аптасында «ерте токсикоз» мазалаған келіншек аудандық ауруханаға емделуге жатады. Алайда, жағдайының ауыр екеніне қарамастан, оған хаттамаға сай толыққанды медициналық көмек көрсетілмеген.
Дәрігерлер науқасты тиісті емін толық жасамай, мерзімінен бұрын үйіне қайтарып жіберген. Салдарынан әйелдің жағдайы күрт нашарлап, облыстық аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шығады. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін жүктілікті үзуге мәжбүр болған. Осы қайғылы оқиғадан кейін келіншекке III топтағы мүгедектік тағайындалды.
Арнайы тексерумен келген Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті ауруханадан былықтың көкенін тапты. Қызметкерлер клиникалық хаттама талаптарын өрескел бұзған, қажетті сараптамалар мен ем-домды толық жасамаған. Сондай-ақ, науқасты арнайы бейінді мамандар мүлдем қарамаған және медициналық құжаттар дұрыс толтырылмаған.
Осы олқылықтардың кесірінен аурухана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір дәрігерге тек «тәртіптік сөгіс» қана берілді. Бұған келіспеген жәбірленуші әділдік іздеп сотқа жүгінген.
Талас аудандық соты істі жан-жақты қарап, дәрігерлердің салғырттығы мен келіншектің мүгедек болып қалуының арасында тікелей байланыс бар екенін дәлелдеді. Судья талап қоюшының арызын толықтай орынды деп тапты.
Сот шешімімен жауапты ауруханадан келіншектің пайдасына 5 млн теңге моральдық шығын өндірілді. Оған қоса, 246 мың теңге материалдық залал мен заңгердің қызметіне жұмсалған 300 мың теңге толықтай қайтарылатын болды. Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне енді.
Дереккөз:
Фото: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі
]]>
/zhambylda-darigerlerdin-kateliginen/feed/
0
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді
/densaulyk-saktau-ministri-akmaral-al/
/densaulyk-saktau-ministri-akmaral-al/#respond
Fri, 05 Jun 2026 06:38:26 +0000
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келіп, өңірдің медицина қауымдастығымен кеңес өткізді. Кеңес барысында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық көмектің сапасын арттыру және өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды. Министр денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, соңғы үш жылда елімізде 813 денсаулық сақтау […]]]>
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келіп, өңірдің медицина қауымдастығымен кеңес өткізді.
Кеңес барысында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық көмектің сапасын арттыру және өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды. Министр денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Ақмарал Әлназарованың айтуынша, соңғы үш жылда елімізде 813 денсаулық сақтау нысаны салынған болса, оның 655-і «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілген. Жамбыл облысында аталған жоба шеңберінде жоспарланған алғашқы медициналық-санитарлық көмектің барлық 30 нысаны толық іске қосылған.
Кеңесте өңірдегі денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері сараланып, ана мен бала денсаулығын қорғау, онкологиялық ауруларды ерте анықтау, скринингтік тексерулердің тиімділігін арттыру, туберкулездің алдын алу, вакцинация, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері қаралды.
Министр 2026 жылдың алғашқы төрт айында облыста тіркелген ана өлімі жағдайларына тоқталып, жүкті әйелдерді бақылау, пациенттерді дұрыс бағыттау және медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Жиында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Асель Кидиралиева баяндама жасап, өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметіне жүргізілген талдау нәтижелерін таныстырды. Ол медициналық қызмет сапасына қатысты тұрғындардан түскен шағымдар мен анықталған кемшіліктерді жою бағытындағы шараларға тоқталды.
Кеңес қорытындысында Ақмарал Әлназарова медициналық ұйымдарда ішкі бақылауды күшейту, клиникалық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
baq-orda.kz.
фото: ашық дерек
]]>
/densaulyk-saktau-ministri-akmaral-al/feed/
0
Таразда кең ауқымды «Денсаулық бұрышы» акциясы өтті
/tarazda-ken-aukymdy-densaulyk-burysh/
/tarazda-ken-aukymdy-densaulyk-burysh/#respond
Thu, 28 May 2026 11:50:55 +0000
/?p=81771
Тараз қаласында тұрғындардың денсаулығын нығайтуға және профилактикалық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ауқымды «Денсаулық бұрышы» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-тың Жамбыл облысы бойынша филиалы мен №2 қалалық емхананың бірлесуі арқылы өткізілді. Аталған акция KORZINKA сауда орталығында өтіп, қала тұрғындары үшін ыңғайлы әрі қолжетімді форматта ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты […]]]>
Тараз қаласында тұрғындардың денсаулығын нығайтуға және профилактикалық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ауқымды «Денсаулық бұрышы» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-тың Жамбыл облысы бойынша филиалы мен №2 қалалық емхананың бірлесуі арқылы өткізілді.
Аталған акция KORZINKA сауда орталығында өтіп, қала тұрғындары үшін ыңғайлы әрі қолжетімді форматта ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – халыққа тегін медициналық-консультациялық көмек көрсету, аурулардың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Акция барысында тұрғындар түрлі бағыттағы медициналық қызметтерді пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, невропатолог пен психолог мамандар тұрғындарға кәсіби кеңес беріп, денсаулыққа қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, қан қысымы мен қандағы қант деңгейі өлшеніп, алғашқы медициналық тексерулер жүргізілді.
Мамандар тарапынан әрбір келушіге жеке кеңес беріліп, денсаулық жағдайына байланысты алдын алу шаралары түсіндірілді. Бұдан бөлек, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыру және аурулардың алдын алу жолдары жөнінде пайдалы ұсыныстар айтылды.
Іс-шара барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша да кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға жүйенің тиімді тұстары, медициналық қызметтерді қалай алу керектігі және сақтандыру мәртебесінің маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған акцияға шамамен 250–300 адам қатысып, өз денсаулықтарын тексертіп, қажетті кеңестер алды. Тұрғындар мұндай форматтағы ашық медициналық қабылдаулардың өте тиімді екенін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Шараға қатысушыларға білікті мамандар тарапынан көрсетілген көмек пен ақпарат олардың денсаулығына бейжай қарамауға, алдын алу шараларын дер кезінде қабылдауға үлкен серпін бергені атап өтілді.
Ұйымдастырушылар мұндай «Денсаулық бұрышы» акциялары алдағы уақытта да жалғасын табатынын, халықтың денсаулығын нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізді.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға ризашылық білдіріліп, тұрғындарға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіленді.
]]>
/tarazda-ken-aukymdy-densaulyk-burysh/feed/
0
Балалар ауруханасындағы жаңа МРТ – ерте диагностикаға жасалған қадам
/balalar-aurukhanasyndagy-zhana-mrt-er/
/balalar-aurukhanasyndagy-zhana-mrt-er/#respond
Wed, 20 May 2026 10:20:36 +0000
Бүгін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек облыстық көпбейінді балалар ауруханасы базасында орнатылған заманауи магниттік-резонанстық томография (МРТ) аппаратын салтанатты түрде іске қосу рәсіміне қатысты. ҚР онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қолдауымен аталған медициналық мекемеге жоғары өрісті […]]]>
Бүгін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек облыстық көпбейінді балалар ауруханасы базасында орнатылған заманауи магниттік-резонанстық томография (МРТ) аппаратын салтанатты түрде іске қосу рәсіміне қатысты.
ҚР онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қолдауымен аталған медициналық мекемеге жоғары өрісті Philips 1,5 Tesla МРТ аппараты сатып алынды. Бұл құрылғы бүгінде медициналық диагностикадағы «алтын стандарт» ретінде кеңінен танылған.
Халықаралық талаптарға толық сәйкес келетін жаңа буындағы жабдық жоғары дәлдіктегі кескіндер алуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде бейнедегі бұрмаланулар барынша азайып, түрлі ауруларды, соның ішінде онкологиялық дерттерді ерте кезеңінде анықтауға жол ашылады.
Жоғары технологиялы құрылғыны енгізудегі басты мақсат – онкологиялық ауруларды ерте анықтау, диагностика сапасын арттыру, халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету және науқастарды дер кезінде тиімді емдеуді қамтамасыз ету.
МРТ аппараты қатерлі ісіктерді жоғары нақтылықпен анықтаумен қатар, орталық жүйке жүйесі, омыртқа, буындар, ішкі ағзалар мен жұмсақ тіндердегі патологияларды диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, цифрлық өңдеу мен интеллектуалды реконструкциялау технологиялары тексеру уақытын едәуір қысқартып, кішкентай пациенттердің жайлылығын арттырады. Ең бастысы – зерттеу барысында сәулелік жүктеменің болмауы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Өңірлік жоспар шеңберінде онкологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру, ауруларды ерте анықтау көрсеткіштерін жақсарту, тексеруден өту кезегін 10 күннен 1–2 күнге дейін қысқарту, пациенттердің өзге өңірлерге қатынауын азайту, ауылдық және шалғай елді мекен тұрғындарына мамандандырылған көмекті жақындату көзделген. Бұдан бөлек, дәрігерлердің диагностикалық мүмкіндіктері кеңейіп, телемедицина мен кеңес беру қызметтері одан әрі дамытылмақ.
Өз сөзінде Сержан Назарбек өңірде заманауи медициналық технологияларды енгізу және медициналық ұйымдарды озық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл бастама медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырып қана қоймай, балаларды диагностикалау мен емдеудің жаңа деңгейін қалыптастыруға, онкологиялық қызметтің тиімділігін күшейтіп, ауруларды ерте анықтау көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
]]>
/balalar-aurukhanasyndagy-zhana-mrt-er/feed/
0
ЕМХАНАЛАРДАҒЫ КЕЗЕК МӘСЕЛЕСІ ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ
/emkhanalardagy-kezek-maselesi-ali-de-o/
/emkhanalardagy-kezek-maselesi-ali-de-o/#respond
Fri, 01 Mar 2024 12:53:21 +0000
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар емханаларды аралап, жұмысымен танысты. Әу